Абайлаңыз алаяқтар!


Азаматтардың ақшасын ұрлау үшін алаяқтар жаңа, әрі күрделі сценарийлерді пайдаланады. Нәтижесінде мыңдаған адамдар

олардың әрекеттерінен зардап шегеді, кейбір жағдайларда жылдар бойы жинаған ақшаларынан айырылады. Алаяқтарға қалай қарсы тұру керектігін білу  қажет уақытта дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл бөлімде «Банк » АҚ Алматыдағы « ТПБК » кең таралған алаяқтық схемаларды және олардан қорғану жолдарын ұсынады.

Алаяқтар адамға психологиялық түрде әсер етеді, яғни жеке немесе қаржылық деректерді жариялауға, өздеріне ақша аудартуға, тіпті кейіннен кредит алып ақшаны бөтен адамға тапсыруға итермелейді. Кибер алаяқтар жәбірленушіге бірнеше мәрте қоңырау шала алады, соның барысында телефон нөмірін өзгерту технологиясын пайдалана отырып, қаржы институттарының және кез келген басқа компаниялардың атынан жалған (фишинг) сайттарға сілтемелер қосылған электрондық хаттар мен хабарламаларды жібере алады. Зиянкестер адамды тыныш күйден шығаруға және оның логикалық ойлауын өшіруге барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қорқыту, асықтыру және қысым көрсету немесе, керісінше, кенеттен қызықтырып, пайда әкелетін жолдарды көрсетеміз деп қуантулары мүмкін. Алаяқтардың схемалары әрқашан өте сенімді болып көрінеді, өйткені олар ең көп талқыланатын жаңалықтарды немесе оқиғаларды пайдалана отырып жұмыс жасайды. Мұндай психологиялық әсер әлеуметтік инженерия әдісі болып табылады.

Төлқұжат деректерін / жеке куәлік деректерін және қаржылық ақпаратты: карта мен оның ұстаушысының аты-жөні, картаның артындағы үш таңбалы кодты немесе SMS хабарламаны үшінші тұлғаларға айтпаңыз. Банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды. Жоғарыда айтылған жеке ақпараттарды әлеуметтік желілерде, форумдарда немесе ғаламтордағы кез-келген парақашаларда жарияламаңыз, карта деректері мен PIN кодтарын компьютерде немесе смартфонда сақтамаңыз.

Белгісіз нөмірден банктің, құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік ұйымның қызметкері болып бүркеленіп,  күдікті ұсыныспен (мысалы, сіздің атыңыздан кредит алуға әрекеттенгені немесе сіздің атыңыздан жасалатың күдікті транзакция туралы хабарлама, жоғары сомадаңы ұтыс туралы уәде) қоңырау шалса, бірден телефонды тастаңыз. Банктің картасының артқы жағында немесе ресми веб-сайтта көрсетілген телефон нөмірі бойынша немесе қоңырау шалушы Банк қызметкері деп мәлімдеген бөлімнің байланыс орталығына қоңырау шалып, болған жайтты  баяңданыз.

Егер сізге ақша аудару туралы өтініш оның ішінде «қауіпсіз» және «арнайы шотқа» немесе белгілі бір талаптар қойылса, шот бойынша ешқандай іс-әрекет жасамаңыз.

Мүмкіндігіңізше, барлық құрылғыларға антивирус орнатып, оны жаңартып отырыңыз.

Тек сенімді сайттарда онлайн сатып алулар жасаңыз. Интернеттегі сатып алулар үшін жеке карта ашыңыз және оны дәл төлеуге қажетті сомаға толтырыңыз. Сатып алу кезінде сайт атауының жанындағы шолғыш жолында қауіпсіз қосылым белгішесінің (құлыптау) болуына назар аударыңыз.

Ешқашан күмәнді сайттарға жеке немесе қаржылық ақпараттын енгізбеңіз, және күдік туғызатын хаттардағы сілтемелерді баспаңыз, мысалы сауалнаманы толтыру, төлемнің қандай да бір түрін алу және т.б.

Әрқашан өте мұқият және сақ болыныз! Қаржылық және цифрлік сауаттылығыңызды fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!